16 мамыр, сенбі
Технология

Жасанды интеллекттегі жаңа төңкеріс: Gemini Omni несімен мықты?

Google жасанды интеллект әлемінде бәсекелестерін шаң қаптыратын жаңа құралын қамдап жатыр.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2026 ж. 11 мамыр · 13 қаралым
Жасанды интеллекттегі жаңа төңкеріс: Gemini Omni несімен мықты?

Google жасанды интеллект әлемінде бәсекелестерін шаң қаптыратын жаңа құралын қамдап жатыр. Ол – мәтін, сурет, аудио және видеоны бір арнаға тоғыстырған «Gemini Omni» нейрожелісі. Бұл жоба әлі ресми таныстырылмаса да, технология саласында үлкен дүмпу туғызып үлгерді. Әсіресе, видеоконтент жасаумен айналысатындар үшін бұл нағыз олжа болмақ.

Жаңа жүйені алғашқылардың қатарында сынап көрген мамандардың сөзінше, бағдарлама жасаған видеоларды кәдімгі камераға түсірілген кадрлардан ажырату мүлдем мүмкін емес. Мәселен, тақта алдында жазу жазып тұрған адамның бейнесі дәл бір жоғары сапалы фильмдегідей шынайы шығады. Оған қоса, нейрожелі адамның жазбаша бұйрығын еш қатесіз, детальдарын қалт жібермей дәлме-дәл орындайды, ал видеодағы дыбыстың сапасы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілген.

Сарапшылар Gemini Omni жүйесін сегіз қырлы, бір сырлы әмбебап көмекшіге балайды. Өйткені ол тек бір ғана бағытта емес, барлық медиа форматта қатар жұмыс істей береді. Ең басты жаңалық – оның ақпаратты қабылдау ауқымы. Модель бір уақытта 12 миллион токенге дейін өңдей алады деген сөз тарады, яғни оған мейлінше көлемді әрі күрделі тапсырмаларды жүктеуге болады. Бұл қазіргі видео жасайтын Veo 3.1 жүйесін толық алмастыруы немесе онымен қатар жұмыс істеуі де мүмкін.

Дегенмен, қауіпсіздік мәселесі қатаң назарда ұсталған. Жүйенің мүмкіндігі шексіз көрінгенімен, оның ішіне мықты сүзгі орнатылған. Яғни, этикаға жатпайтын, зиянды немесе жағымсыз видеолар жасауға алгоритм қатаң түрде тыйым салады.

Әзірге бұл ақпараттар инсайдерлердің болжамына сүйенгенімен, оның шындыққа айналар күні алыс емес. Өйткені, компания өзінің DeepMind зерттеу орталығы арқылы осы бағытты қарқынды дамытып жатыр. Сапалы, креативті әрі тез контент дайындауды көздейтін жоба авторлары мен ютуберлер үшін бұл алдағы уақытта ең негізгі жұмыс құралына айналуы ғажап емес.

Тегтер
Соңғы жаңартылуы: 14.05.2026
Жалғастырып оқыңыз

Ұқсас мақалалар

«Алло, бұл банк пе?» немесе алаяқтардың жаңа бас ауруы

Егер сізге шынымен банк немесе ХҚКО хабарласса, экранда солардың атауы тұрады. Ал егер алаяқтар жалған нөмірмен (спуфинг) шықса, жүйе оны «ресми» деп танымайды.

Технология

«Алло, бұл банк пе?» немесе алаяқтардың жаңа бас ауруы

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2 мин оқу
Интернет кімге тиесілі және неге балықшылар қауіпті?

Интернетті бір сәтте құлататын ең қауіпті күш хакер емес, қарапайым балықшы болуы мүмкін. Себебі әлемдік интернет-трафиктің 99 пайызы мұхит пен теңіз түбімен тартылған суасты кабельдері арқылы өтеді.

Технология

Интернет кімге тиесілі және неге балықшылар қауіпті?

Редакция · 2 мин оқу
0% жасанды интеллект: Университеттердің абсурдқа толы жаңа талабы

Жоғары оқу орындары жасанды интеллектке қарсы күресеміз деп, ақыры студенттерді жаппай сүріндіріп жатыр.

Технология

0% жасанды интеллект: Университеттердің абсурдқа толы жаңа талабы

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2 мин оқу
Смарт-көзілдіріктерге балама: Apple құлаққап нарығында тағы да революция жасамақ

Apple компаниясы құлаққаптар нарығындағы кезекті революцияға дайындалып жатыр. Бұл технологиялық жаңалықтар жөніндегі беделді басылымдардың, соның ішінде Bloomberg агенттігіндегі Марк Гурманның және MacRumors порталында жарияланған сарапшы Минг-Чи Куоның болжамдарына негізделген.

Технология

Смарт-көзілдіріктерге балама: Apple құлаққап нарығында тағы да революция жасамақ

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2 мин оқу
Карталар бізді қалай алдайды

Картаға қарап Африканы Гренландиямен шамалас, ал Ресейді әлемнің жартысы деп ойласаңыз, сіздің де көзіңіз ғасырлар бойғы картографиялық иллюзияға алданды деген сөз. Жер шарын жазық қағазға түсірген Меркатор проекциясы бағытты дәл сақтағанымен, мемлекеттердің шынайы ауқымы мен көлемін құрбан етті.

Технология

Карталар бізді қалай алдайды

Ераман Талапқанұлы · 2 мин оқу
Apple стратегиясын өзгертті: iPhone 18 биыл шықпайды

Биылғы күзде базалық iPhone 18 моделін шығарудан бас тартып, оның орнына қазіргі iPhone 17 өндірісін ұзартпақ.

Технология

Apple стратегиясын өзгертті: iPhone 18 биыл шықпайды

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2 мин оқу
LiveInternet