15 маусым, дүйсенбі

Электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

Электрокарларға – жасыл нөмір, ал мас жүргізушілерге – қатаң жаза

Жанұзақ Дүйсенбайұлы|2026 ж. 13 маусым
Электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

Көшеде үнсіз сырғып бара жатқан электромобильдер енді жалпы ағыннан алыстан менмұндалап тұратын болады. Өйткені Сенат көлік саласындағы жаңа технологияларды реттейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Басты жаңалық – электрокар иелеріне арнайы мемлекеттік нөмір беріледі. Алдын ала мәліметке сүйенсек, экологиялық тазалықтың символы ретінде оның түсі жасыл болуы әбден мүмкін.

Бірақ «электромобилім бар еді» деп ХҚКО-ға (АвтоЦОН) қарай тұра жүгірудің қажеті жоқ. Заң осы жазда қабылданғанымен, жаңа нөмірлерді бірден қолға ұстатпайды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, алдымен алты айлық өтпелі кезең болады. Бұл инновацияның ең қуантарлық тұсы – оған мемлекет бюджетінен бір тиын да артық шығын кетпейді. Өйткені темір сол қалпы қалады, тек бояудың түсі өзгереді. Қарапайым әрі тиімді шешім.

Дегенмен, заң жобасы тек нөмірді бояумен шектелмейді. Көлік жүргізушілерінің жүйкесін жұқартатын электросамокаттар мен шағын электр көліктерінің жолға шығуына нақты шектеу қойылмақ. Сонымен қатар, фантастикалық фильмдердегідей жүргізушісіз басқарылатын көліктердің де қозғалысы заңмен реттеледі. Болашақ келді деген осы.

Ал енді ең қатаң жаңалыққа келсек: егер рөлге мас күйде отырып ұсталсаңыз, көлік жүргізуді ұзақ уақытқа ұмытуға тура келеді. Заң бұзғандарды жүргізуші куәлігінен 7-8 жылға дейін айыруды ұсынып отыр.

Ішкі істер министрлігінің тағы бір жаңалығы – сүйікті немесе қымбатқа алған мемлекеттік нөміріңізді енді жақын туыстарыңызға мұраға қалдыра аласыз. Яғни, әдемі нөмірлер енді отбасылық жәдігерге айналуы әбден мүмкін.

Соңғы жаңартылуы: 14.06.2026

Ұқсас мақалалар

Kyzdar.net-тің ақыры: 15 жылға жуық заңнан жалтарған желілік бизнес тоқтадыЖалпы

Kyzdar.net-тің ақыры: 15 жылға жуық заңнан жалтарған желілік бизнес тоқтады

Алматы прокуратурасы атышулы Kyzdar.net сайтының ұйымдастырушылары ұсталғанын мәлімдеді

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2026 ж. 15 мау.
Нидерландта мал соймай-ақ ет өсіретін әлемдегі алғашқы ферма ашылдыЖалпы

Нидерландта мал соймай-ақ ет өсіретін әлемдегі алғашқы ферма ашылды

Схиплөйдендегі (Schipluiden) сүт фермасы тарихи қадамға барды: мұнда жануарларды соймай-ақ, олардың жасушаларынан биореакторда ет өсіретін әлемдегі тұңғыш пилоттық ферма іске қосылды.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2026 ж. 15 мау.
Мансұр Смағамбетов Италиядағы Азоло фестивалінде бас жүлде алдыЖалпы

Мансұр Смағамбетов Италиядағы Азоло фестивалінде бас жүлде алды

Қазақстандық заманауи өнер шебері Мансұр Смағамбетов әлемдік арт-кино тарихына өз есімін алтын әріппен жазып, ел өнерінің мәртебесін жаһандық деңгейге көтерді.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2026 ж. 15 мау.
Мемлекеттік тілдің экономикалық салмағы: Қазақша қаржы контентіне сұраныс неге өсті?Жалпы

Мемлекеттік тілдің экономикалық салмағы: Қазақша қаржы контентіне сұраныс неге өсті?

Соңғы жылдары сауалнамаларға қазақ тілінде жауап берушілердің үлесі шамамен үштен бірге өскен.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы · 2026 ж. 15 мау.
Ғалымдар Мариан шұңғымасының түбінен 7000-нан астам микроорганизм түрін анықтадыЖалпы

Ғалымдар Мариан шұңғымасының түбінен 7000-нан астам микроорганизм түрін анықтады

Мариан шұңғымасы шамамен 11 шақырым тереңдікке дейін созылады. Жақында жүзеге асырылған MEER халықаралық ғылыми жобасы бұл аймақта бұрын ғылымға белгісіз болған мыңдаған микроорганизмдердің тіршілік ететінін көрсетті.

Редакция · 2026 ж. 12 мау.
18 жыл бойы соттан қашқан миллиардер ұлы: Мартина Магнуссен ісі неге әлі күнге дейін шешілмеді?Жалпы

18 жыл бойы соттан қашқан миллиардер ұлы: Мартина Магнуссен ісі неге әлі күнге дейін шешілмеді?

Норвегиялық студент Мартина Магнуссен 2008 жылы Лондонда өлтірілді. Алайда бұл іс арада 18 жылдан астам уақыт өтсе де жабылған жоқ — басты күдікті, йемендік миллиардер ұлы Фарук Абдулхак әлі күнге дейін сот алдына келген емес.

Редакция · 2026 ж. 11 мау.
LiveInternet