10 маусым, сәрсенбі

ҚТЖ өңірлердегі мамандарды тұрақтандыру үшін арнайы ипотека әзірледі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында сала қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттарын түсіндірді.

Редакция|2026 ж. 25 мамыр|6 қаралым
ҚТЖ өңірлердегі мамандарды тұрақтандыру үшін арнайы ипотека әзірледі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында сала қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттарын түсіндірді.

Digitalnomads.kz тілшісінің сұрағына жауап берген компания басшысы жобаның, ең алдымен, жұмыс күші тұрақтамайтын және маман тапшылығы қатты сезілетін өңірлердегі теміржолшыларды қолдауға бағытталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен басталған бұл бағдарламаның шарттары өте тиімді. Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі небәрі 4 пайызды құрайды, ең бастысы – алғашқы жарна төлеудің қажеті жоқ. Несиені 16 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады. Алғашқы лекте осы бағдарлама арқылы 534 отбасын баспаналы етуді көздеп отырмыз. Берілетін пәтерлер ҚТЖ-ның өндірістік нысандарына жақын, сондай-ақ мектеп пен балабақшаға жаяу баратын қашықтықта салынған», – деді Талғат Алдыбергенов.

Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Семей қалаларында жүзеге асырылып жатыр. ҚТЖ басшысының айтуынша, алдағы уақытта бұл тізімге басқа да өңірлерді қосу мәселесі қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңартылуы: 27.05.2026

Ұқсас мақалалар

Норвегия жағалауында 600 метр тереңдіктен XVIII ғасырда батқан, қытай фарфоры тиелген кеме табылды
·2026 ж. 2 мау.

Норвегия жағалауында 600 метр тереңдіктен XVIII ғасырда батқан, қытай фарфоры тиелген кеме табылды

Кеменің жүгі Солтүстік Еуропада бұрын-соңды табылмаған ерекше олжа деп бағаланып отыр. Ал кеме қалдығы зерттеушілер тарапынан «уақыт капсуласы» ретінде сипатталды.

Редакция
Әлемдік сұлулық индустриясының көлеңкелі жағы: табиғи шаш нарығы қалай жұмыс істейді?
·2026 ж. 1 мау.

Әлемдік сұлулық индустриясының көлеңкелі жағы: табиғи шаш нарығы қалай жұмыс істейді?

Табиғи шаш — сұлулық индустриясындағы ең қымбат әрі ең даулы тауарлардың бірі. Парик, шаш жалғау, шиньон, қас пен кірпік секілді өнімдер дүкен сөресіне әдемі қаптамамен жеткенімен, оның артында бірнеше елге созылған күрделі өндіріс тізбегі жатыр. Бұл нарықта бір адамның шашы екінші құрлықтағы сән салонында жүздеген, тіпті мыңдаған долларға сатылатын өнімге айналады.

Редакция
Қызыл кітаптағы құсты жеп қойғандар сотталатын болды
·2026 ж. 23 мам.

Қызыл кітаптағы құсты жеп қойғандар сотталатын болды

Жергілікті тұрғындар Қызыл кітапқа енген екі бірдей қызғылт бірқазанды ұстап алып, жеп қойған.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы
Кәсіпті жабу азабы артта қалды: Жаңа сервис не береді?
·2026 ж. 23 мам.

Кәсіпті жабу азабы артта қалды: Жаңа сервис не береді?

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнесті жабуды жеңілдететін жаңа API-сервисті іске қосты.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы
Бала ақысына бұғау салынбайды: Алимент пен қарызға қатысты жаңа заң
·2026 ж. 23 мам.

Бала ақысына бұғау салынбайды: Алимент пен қарызға қатысты жаңа заң

Енді алимент төлейтін немесе алатын ата-аналардың өмірі біршама жеңілдейтін сыңайлы.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы
2027 жылдан бастап банктер кімге ақша бермейді?
·2026 ж. 21 мам.

2027 жылдан бастап банктер кімге ақша бермейді?

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа, қатаң ереже күшіне енеді.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы
LiveInternet