10 маусым, сәрсенбі

Кәсіпті жабу азабы артта қалды: Жаңа сервис не береді?

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнесті жабуды жеңілдететін жаңа API-сервисті іске қосты.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы|2026 ж. 23 мамыр|8 қаралым
Кәсіпті жабу азабы артта қалды: Жаңа сервис не береді?

Кәсіпті ашу бір бөлек, ал оны жабу - нағыз жүйке жұқартатын «квест» екенін кез келген кәсіпкер жақсы біледі. Алайда бюрократияның қалың орманында жарық сәулесі пайда болғандай. Мемлекеттік кірістер комитеті бизнесті жабуды жеңілдететін жаңа API-сервисті іске қосты.

Бұрын қызметті тоқтату үшін міндетті түрде «Салық төлеуші кабинетінің» табалдырығын тоздыру керек болса, енді бұл міндет әлдеқайда оңайлайды. Жаңа мүмкіндіктің арқасында кәсіпкерлер өтінішті өздері үйреніп қалған басқа да цифрлық платформалардан - мысалы, күнделікті жұмыс істейтін бухгалтерлік бағдарламалардан немесе бизнес-қосымшалардан тікелей жібере алатын болады.

Бұл жай ғана техникалық жаңалық емес, нақты уақытты үнемдейтін құрал. Оның пайдасы қызметті тоқтату туралы өтінішті оп-оңай жолдауға және өтініштің қай кезеңде жатқанын алаңдамай бақылап отыруға болады. Жүйелерін осы қызметпен байланыстырғысы келетін IT-мамандар үшін аталмыш API қазірдің өзінде мемлекеттік Smart Bridge платформасында қолжетімді.

Қысқасы, бизнесіңізді жабуға тура келсе, бұрынғыдай табалдырық тоздырып, жүйкені жұқартпайсыз. Бұл өзгеріс салық органдарымен «қоштасу» процесін барынша тез әрі ауыртпалықсыз етуі тиіс.

Соңғы жаңартылуы: 27.05.2026

Ұқсас мақалалар

Норвегия жағалауында 600 метр тереңдіктен XVIII ғасырда батқан, қытай фарфоры тиелген кеме табылды
·2026 ж. 2 мау.

Норвегия жағалауында 600 метр тереңдіктен XVIII ғасырда батқан, қытай фарфоры тиелген кеме табылды

Кеменің жүгі Солтүстік Еуропада бұрын-соңды табылмаған ерекше олжа деп бағаланып отыр. Ал кеме қалдығы зерттеушілер тарапынан «уақыт капсуласы» ретінде сипатталды.

Редакция
Әлемдік сұлулық индустриясының көлеңкелі жағы: табиғи шаш нарығы қалай жұмыс істейді?
·2026 ж. 1 мау.

Әлемдік сұлулық индустриясының көлеңкелі жағы: табиғи шаш нарығы қалай жұмыс істейді?

Табиғи шаш — сұлулық индустриясындағы ең қымбат әрі ең даулы тауарлардың бірі. Парик, шаш жалғау, шиньон, қас пен кірпік секілді өнімдер дүкен сөресіне әдемі қаптамамен жеткенімен, оның артында бірнеше елге созылған күрделі өндіріс тізбегі жатыр. Бұл нарықта бір адамның шашы екінші құрлықтағы сән салонында жүздеген, тіпті мыңдаған долларға сатылатын өнімге айналады.

Редакция
ҚТЖ өңірлердегі мамандарды тұрақтандыру үшін арнайы ипотека әзірледі
·2026 ж. 25 мам.

ҚТЖ өңірлердегі мамандарды тұрақтандыру үшін арнайы ипотека әзірледі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында сала қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттарын түсіндірді.

Редакция
Қызыл кітаптағы құсты жеп қойғандар сотталатын болды
·2026 ж. 23 мам.

Қызыл кітаптағы құсты жеп қойғандар сотталатын болды

Жергілікті тұрғындар Қызыл кітапқа енген екі бірдей қызғылт бірқазанды ұстап алып, жеп қойған.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы
Бала ақысына бұғау салынбайды: Алимент пен қарызға қатысты жаңа заң
·2026 ж. 23 мам.

Бала ақысына бұғау салынбайды: Алимент пен қарызға қатысты жаңа заң

Енді алимент төлейтін немесе алатын ата-аналардың өмірі біршама жеңілдейтін сыңайлы.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы
2027 жылдан бастап банктер кімге ақша бермейді?
·2026 ж. 21 мам.

2027 жылдан бастап банктер кімге ақша бермейді?

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа, қатаң ереже күшіне енеді.

Жанұзақ Дүйсенбайұлы
LiveInternet